Еркебұлан Ибрахим

ИБРАХИМ ЕРКЕБҰЛАН ИБРАХИМҰЛЫ

Ибрахим Еркебұлан Ибрахимұлы 1999 жылы 22 қыркүйекте Маңғыстау облысының Ақтау қаласында дүниеге келді. 2018-2021 жылдар аралығында Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде «Драма актері» мамандығы бойынша ұстазы Садыбеков Нұржан Әзіретұлы, Мәлімова Әсия Несіпбайқызы шеберханасынан білім алды. 2021 жылдан бастап осы театрға артист болып қабылданып, еңбек жолын бастады.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

2022 жылы «NJ Fest-2022»  Жантөрин театрының фестивалінде «Үміт» номинациясы;

2022 жылы Республикалық «Жыл блогері» премиясында, «Үздік телеарна жүргізушісі 2022» номинациясы;

2023 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Сахна тілі» кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Дариға Тұранқұлованың «Сахна тілі» шеберлік сабағына қатысқаны үшін Сертификатпен марапатталды.

СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:

С.Назарбекұлы «Ақбөбек» - Қойшы бала

Р.Куни «Он, она, окно, покойник» - Покойник

М.Мағауин «Әйел махаббаты» - Гиппократ

А.Кристи «Мышеловка» - Кристофер Рен

С.Нұржан «Хан кегі» - Арғынбай

Дон Нигро «Дикие истории 16+» - Индюшка Пэнни, Иса

Г.Қасымбаева, Т.Алтаева «Биіктік. Табылды Досымов» - Әнші жігіт

Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» - Ботаник

М.Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» - Ляззат

Ә.Кекілбайұлы «Күй» - Дәулет күйші

Н.Сауданбекұлы «Әлиханның аманаты» - Сәкен Сейфуллин

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» - Жантас

В.Легентов «La mom Piaf» - Мим

И.Ғайып «Естайдың Қорланы» - жас Естай 

Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» - Жарқын 

Г. Хугаев «Серттесу» - Қуқар 

ЕРТЕГІЛЕР:

Ағайынды Гримм «Бремен музыканттары» - Трубадур, Ит

Ш.Перро «Етік киген мысық» - Король

Орыс халық ертегісі «Бауырсақ» -  Аю

М.Абай-Ділдә «Шрек» - Кащей

«Мың бір түндегі» араб ертегісінің желісімен «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Аладдин

Ағайынды Гримм «Белоснежка және жеті гном» - Түшкіргіш, Жалқаубек

Ш.Перро «Сұлу мен Құбыжық» - Ханзада

Р. Киплинг «Маугли» - Ата бөрі

 





12
>