Мұрат Қожа
ҚОЖА МҰРАТ НАЗАРҰЛЫ
Қожа Мұрат Назарұлы 1981 жылдың 25 шілдесінде Қарақалпақстанның Амудария совхозында дүниеге келді. 1983 жылы Жаңаөзен қаласына көшіп, 1987-1998 жылдар аралығында №2 орта мектебінде оқыды. 1998-2002 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясына оқуға түсіп, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпай шеберханасында «Актерлік өнер» мамандығы бойынша білім алды. 2001-2017 жылдар аралығында республикалық мемлекеттік эстрадалық жастар «Гүлдер» ансамблінің артист-вокалисі қызметін атқарды. 2017-2021 жылдары ҚР Ұлттық Ұланы оркестрінің солист-вокалисі болып қызмет етті.
2021 жылдан бері Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының артисі.
ЖЕТІСТІКТЕРІ:
· Жұлдызым әнімен Республикалық «Алтын диск» сыйлығының «Жыл хиті» және «Жыл клипі» номинациясының иегері.
· «Нұрлан мен Мұрат» ән жинағы жарық көрді.
· «Каспий тобы» ән жинағы жарыққа шықты.
СОМДАҒАН РОЛЬДЕРІ:
· С.Назарбекұлы «Ақбөбек» - Итбай
· Ш.Айтматов, Т.Теменов «Аққудың көз жасы» - Раймалы
· Иран-Ғайып «Естайдың Қорланы» – Естай
· Б.Соқпақбаев «Менің атым – Қожа» – Әубәкір
· М.Әуезов «Қорғансыздың күні» - Ысмайыл
Анықтама ақпараты
Касса: 60-10-04
Жалпы сұрақтар: 60-10-03
*Театр әкімшілігі қолайсыз жағдайлар орын алғанда, қойылымдарды ауыстыруға құқылы
Вы можете приобрести билеты онлайн
Соңғы хабарлар
14 қыркүйек 2025
ZHANTURIN TALKS
10 қыркүйек 2025
«Зулейха» спектаклі Ақтау қаласында!
10 қыркүйек 2025
ПРЕМЬЕРА! Б. Брехттің «Мещанская свадьба» пьесасының желісі бойынша «ТОЙ»
06 қыркүйек 2025
Ахмет Байтұрсынұлы 153 жыл
04 қыркүйек 2025
Каспий жағалауында III-ші Халыкаралык ТҮРКСОЙ театр фестивалі өтеді!
29 тамыз 2025
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс жоспары
28 тамыз 2025
2025 жылга арналған «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» бағыттық жузеге асырылуы ЖОСПАРЫ