Режиссер

ИСАЕВА ӘЛИЯ ЖАНГЕЛДИНҚЫЗЫ

Исаева Алия Жангелдинқызы 1989 жылдың 6 қаңтарында Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кентінде дүниеге келді. 2006 жылы  қазіргі Қарақия ауданы Жетібай кентіндегі №3 орта мектепті үздік бітірді. 2006-2012 жылдар аралығында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялық және инжиниринг университетінің филология факультетін үздік аяқтады. Алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған.

2017-2021 жылдар аралығында Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындығы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Режиссура» мамандығы бойынша қысқартылған бөлімінде білім алды.

2019 жылы Мәскеу қаласындағы «Театр режиссурасы» мамандығын оқытудың әдістемелік мәселелеріне арналған XII халықаралық конференциясы мен режиссердің өзіндік жұмысының байқауына Ш.Айтматовтың «Мәңгүрт» пластикалық жанрдағы композициясымен қатысты. Т.Жүргенов атындығы Қазақ Ұлттық өнер академиясының «Режиссура» мамандығы бойынша олимпиадасында Б.Брехттің «Мамаша Кураж» және Ф.Кафканың «Құбылу» қойылымдарынан «Ең үздік режиссер», «Ең үздік қойылым» номинацияларын иеленді.

  2020 жылдан бері Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында қоюшы режиссер қызметін атқарады.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

· Ақтау қаласы әкімінің «Құрмет грамотасы»;

· Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған медалі;

· Алаштың 100 жылдығына арналған медалі;

· 2015 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты;

· 2015 жылы Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хаты;

· 2017 жылы Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының Алғыс хаты;

· 2018 жылы Алматы қаласы әкімінің Алғыс хаты;

· 2019 жылы Т.Жүргенов атындығы Қазақ Ұлттық өнер академиясы ректорының Алғыс хаты;

· 2020 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Алғыс хаты;

· «Ақ жол» ҚДП төрағасының Алғыс хаты;

· 2021 жылы Көкшетау қаласында Астанадағы Ресей ғылым мен мәдениет орталығының қатысуымен «TeART-Көкше» атты халықаралық театр фестиваль-зертханасындағы Ресейден келген педагогтардың «Режиссура» бойынша шеберлік сабақтарына қатысты.

· 2022 жылы «Rejisser. Dramaturg. Start»-2022 режиссерлік зертханасында МХАТ көркем академиялық театрының режиссеры, профессор, «Современник» театрының көркемдік жетекшісі Виктор Рыжаковтың шеберлік сабақтарына қатысты.

РЕЖИССЕРЛІК ЖҰМЫСТАРЫ:

· М.Мағауин «Әйел махаббаты»

· О.Бөкей «Атау кере»

· «Тас бол» ертегісі

· «Кел, балалар, ойнайық» ертеңгілігі

· Л.Разумовская «Дорогая Елена Сергеевна»

 





>